Ұлттық статистика бюросының дерегінше Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,6 млн адам жұмыспен қамтылған
Оның ішінде: жалдамалы – 6,9 млн адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,2 млн.
Салалар бойынша жұмыспен қамтылғандар бөлінісі келесідей:
сауда – 16,6%
білім – 12,9%
өнеркәсіп – 12,3%
ауыл шаруашылығы – 12,2%
құрылыс – 7,1%
көлік және қойма – 7%
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,2%
мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 5,8%
басқа да қызмет түрлері – 3,9%
кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 3,1%
әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 3%
тұру және тамақтану қызметтері – 2,4%
қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2%
ақпарат және байланыс – 2%
жылжымайтын мүлік операциялары – 1,6%
өнер, ойын-сауық және демалыс – 1,5%
Ақпаратқа сәйкес, өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жұмысшылар саны – 19 мың адамға, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша – 18,9 мың адамға, құрылыста – 9,5 мың адамға, өнеркәсіпте – 7 мың адамға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету бойынша – 6,4 мың адамға, өнер және ойын-сауықта – 6,3 мың адамға азайған. Өзге салаларда қызметкерлер саны керісінше өскен.