Фото: ҚМГ
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы «Бутадиен» ЖШС-індегі 25 пайызд үлесін «Самұрық-Қазынаға» берді. ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеевтің айтуынша, бұл – ҚМГ акционері – «Самұрық-Қазына» қорының шешімі.
«Бұл (Butadien-дегі үлесті беру) «Самұрық-Қазына» қорының шешімімен байланысты. Негізінде бұл ҚМГ мен қор арасындағы екіжақты шешімі. Жоба толығымен қорға берілді», – деді Макеев.
Бұған дейін хабарланғандай, 19 маусымнан «ҚазМұнайГаздың» «Бутадиен» ЖШС-дегі 25 пайыздық үлесін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына берді.
«Бутадиен» ЖШС – 2021 жылы бутадиен мен оның туындыларын өндіру үшін құрылған қазақстандық «ҚазМұнайГаз» (25%) мен ресейлік «Татнефть» (75%) арасындағы бірлескен кәсіпорын.
Кәсіпорынның жоспарланған қуаты жылына 180 мың тонна бутадиен мен бутадиен каучугін өндірісін құрайды. Жобаның алдын ала құны шамамен 1 миллиард доллар болса, ашылуы 2026 жылға жоспарланған болатын. Шикізат Қазақстанның Теңіз және Королев кен орындарынан жеткізілмек.
Мұнай-химия зауытының лицензиары америкалық Lummus Technology компаниясы болады.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2008 жылы құрылған. «ҚазМұнайГаз» қордың басқаруында (қатысу үлесі – 87,42%), сондай-ақ Қазақстанның бірқатар ірі стратегиялық компаниялары: Эйр Астана, Қазақтелеком, Қазатомөнеркәсіп, Қазпошта. , Қазақстан темір жолы, Kegoc және т.б. иелік етеді.