Үндістанда Мизорам штатында салынып жатқан көпір құлап, 17 жұмысшы қаза тапты және тағы бірнешеуі жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Қазір ОАР-да жүріп, БРИКС саммитіне қатысып жатқан премьер-министр Нарендра Моди оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Ел билігі қаза тапқандардың отбасына 2500 доллардан және зардап шеккен жұмысшыларға 600 доллардан төлейтіні хабарланды.
Көпір құлаған кезде 40-қа жуық жұмысшы болған.
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, деп атап өтті полиция.