Жаңалықтар

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына шет тілдерін тегін үйрете ме?

языки
Фото: shutterstock

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына шет тілдерін тегін үйретпек. 24 тамыз Алматының 8 ауданында шет тілдерін тегін оқытатын «Тілдер саябағы» жұмысын бастайды.

Алматы әкімдігінің ақпараты бойынша, жоба ясында 15 тіл арасынан таңдауға болады. Жобаны қала және аудан әкімдіктері белсенділе және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

«Тілдер саябағы» – бұл қалалық әлеуметтік жоба, оның аясында қала саябақтары базасында бейресми түрде шет тілдерін оқыту бойынша тегін сабақтар өткізіледі. Сабақтар таза ауада өтеді, оған қала тұрғындары қатыса алады. Курстар жазғы кезеңде, аптасына 3 рет 1 ай ішінде өтеді», делінген хабарламада.

Курс біткен соң, сертификат беріледі. Оған 6-60 жас аралығындағы қала тұрңындары қатыса алады.

«Тілдер саябағының» сабақтары:

  1. Медеу ауданы – Орталық мәдениет және демалыс саябағы
  2. Алатау ауданы – Атлетикалық ауылдағы көгал
  3. Наурызбай ауданы – Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы көгал
  4. Алмалы ауданы – М.Мақатаев алаңы
  5. Түрксіб ауданы – Түрксіб ауданы Оқушылар сарайы жанындағы алаң
  6. Бостандық ауданы – Достық саябағы
  7. Жетісу ауданы – Айнабұлақ-1 жаңа саябағы
  8. Әуезов ауданы – Сац театры артындағы амфитеатры бар алаңда өтеді.

Тамыз айының басында Мемлекеттік тілді дамыту институты Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін онлайн және офлайн курстар ашты. Сабақтар Алматы қаласының аудандық әкімдіктері мен кітапханаларының ғимараттарында өтіп жатыр.