«Атамекеннің» баламасы: Қазақстан кәсіпкерлері «Парасат» альянсын құрды

Жарияланды
документы
Фото: Shutterstock

Қазақстан кәсіпкерлері «Парасат» альянсын құрды. Бұл альянс «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының баламасына айналады деп болжануда.

Кәсіпкерлер альянсын құруға қатысты бастамашылық жасаған «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитетінің бұрынғы төрағасы, «Қазақстан химия өнеркәсібі одағы» АҚ басқарма төрағасы Олег Пак.

«Біз бүгін Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға қадам жасап отырмыз. Бұл альянстың тұжырымдамасы жайлы айта кетсем, ұйым қазіргі «Атамекен» ұлттық кәсіпкердер палатасының бәсекелесі бола алады. Еліміздің кәсіпкерлері бүгінде түрлі кедергілерге тап болып жатыр. Бұл салада индустриялды саясаттың дұрыс жолға қойылмауы, қаржыландырудың қол жетімсіздігі, несие мөлшерлемесінің жоғары болуы, салық жүйесі де жетілдірілмеуі, реттелетін сатып алуларға қол жекізудің қиындықтары, сонымен бірге бизнес пен ғылымның арасында байланыстың болмауы сынды түрлі кедергілер бар. Осының барлығы елімізде кәсіпкерліктің дамуына теріс ықпалын тигізеді», дейді ол.

«Парасат» осы мәселелерді шешу үшін құрылған. Кәсіпкерлердің пікірінше «Атамекен» ҰКП қажетті деңгейде кәсіпкерлердің артқан сенімін ақтай алмаған. Бұл ұйым тек экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті кәсіп түрлерін ғана дамытуға ынталы.

«Біз, кәсіпкерлер қауымдастығы бұл саладағы жағдайдың шын мәнінде қандай екенін анық көріп жүрміз. Қазіргі таңда бизнестің нендей қиындықтарға тап болып жатқанын да білеміз. Мұнда бірталай жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар. Менің ойымша, Қазақстан бизнесінде таңдау болуы керек. Дәл осы мәселелерді шешу мақсатында біз «Парасат» альянсын құрып отырмыз. Мақсатымыз – айқын. Біз бәсекеге қабілетті, ғылымға негізделген, өнеркәсіп саласын дамытқымыз келеді. Өңдеу өнеркәсібін дамытып, шикізат секторына қатысты тәуелдліктен арылғымыз келеді. Өңдеу секторы – еліміздің экономикалық драйверіне айнала алады», дейді Олег Пак.

Сонымен бірге басқарма төрағасы ьүгінгі күні «Парасат» альянсына 25 салалық одақ мше болғанын айтты. Олардың құрамында мыңға жуық кәсіпорын бар. Атап айтқанда, электроэнергетика, химиялық өнеркәсіп саласы, фармацевтикалық өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі, мұнай өндіру сияқты әртүрлі салалық кәсіпорындар кірген.

«Парасатқа» мүшелікке өткісі келетін бизнес иелерінен мүшелік жарна талап етілмейді. Оны әркім еркіне қарай береді. Альянстың құрылуына қатысты құқықтық процедрулар 1 қыркүйекте аяқталады. Содан кейін басқару тетігі құрылады.

Қазақстан баспасөз клубында өткен жиында «Парасат» кәсіпкерлер альянсы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығымен және «ПАРЫЗ» Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз