Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға арнайы квота бөлінеді. Бұл жайлы Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
Наурызбай ауданының тұрғыны, бірінші топ мүгедегі қолында дипломы болса да, өзін еш жерде жұмысқа алмайтынын айтты.
«Бізде жылына 15-16 студент медколледжді бітіреді. Өздеріңіз арнайы грант бөліп, оқытып жатырсыздар. Құдайға шүкір, дипломымызды, арнайы сертификатымызды алдық. Бірақ қолымызда ЖОО-ның дипломы болса да, ешкім бізді жұмысқа алмайды. Өтініш, осыны өз назарыңызға алсаңыз», деді тұрғын.
Алматы әкімі бұл мәселені шешу үшін рнайы квота бөлетінін айтты.
«Осыдан біразжыл бұрын жеке колледждер біз бөлген грантпен балаларды оқуға да алмаған болатын. Бұл мәселемен маған хаттар да келіп түскен. Онда былай істейік, мен Денсаулық сақтау басқармасына тапсырма берейін әрі арнайы квота да бөлейін. Әр емхананың ішінде өзінің квотасы болады. Биыл және бұрын бітірген мамандардың құжаттары бір апта ішінде жинастырылып, олардың бағалары, сертификаттары дұрыс болса, бір ай ішінде денсаулық сақтау мекемелеріндегі бос орындарға орналастыру қарастырылсын. Жыл сайын бітірген мамандар санына қарай квота бөлініп отырады», деді Досаев.