Наурызбай ауданында 5 мектеп, 5 балабақша салынады

Жарияланды
детский сад
Фото: Shutterstock

Алматы қаласының Наурызбай ауданында 7900 орындық 5 жаңа мектеп салынады. Бұл жайлы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

«Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 7900 орындық 5 жаңа мектепті жобалау және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде», деді шаһар басшысы аудан тұрғындарымен кездесубарысында.

Ауданда 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын.

«2024 жылдың I-ші тоқсанында жайлы мектептің талаптарына сәйкес «Әлем Сити» тұрғын үй кешенінің аумағында 1200 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін осы жылдың қазан айында Шұғыла шағын ауданындағы № 174 мектепке 375 оқушы орындық қосымша құрылыс салып бастауды жоспарлап отырмыз», деді Досаев.

Сонымен бірге қала басшысы мектепке дейінгі мекемелердің құрылыс жоспарланғанынайтты. Балабақшадағы орын тапшылығын төмендету мақсатында жыл басынан бері 475 орындық 9 жеке меншік балабақша ашылғанын айтқан ол , жыл соңына дейін 50 орындық тағы 1 балабақша ашылатыны мәлімдеді.

«Осы жылдың соңына дейін Шұғыла шағын ауданында 320 орындық мемлекеттік балабақшаны пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ осы жылдың қазан айында Құрамыс және Шұғыла шағын аудандарында 640 орындық тағы 2 балабақша салуды бастау көзделуде. Әрқайсысы 320 орындық, оған қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Қалқаманда 240 орындық, Шұғылада 320 орындық 2 балабақшаны жобалау басталды. 2024 жылдың сәуір айында сараптама қорытындысын алғаннан кейін құрылыс 2024 жылдың III-ші тоқсанында басталады», деді әкім.

Сондай-ақ оқыңыз