Қазақстан 13 млрд доллар үшін мұнай алпауыттарымен күресуде - Bloomberg

Жарияланды
Қашаған
Фото: shutterstock

Қазақстанның Энергетика министрлігі Қашаған ірі мұнай кен орнын игерумен айналысып жатқан акционерлерге құны  13 миллиард долларды құрайтын даулы мәселеге қатысты арбитражға жүгінетінін хабарлады. Бұл туралы осы мәселеден хабары бар ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Bloomberg агенттігі хабарлады.

Бұл мәлімдеме мәселені келіссөздер арқылы шешуден үміттенген трансұлттық компаниялар үшін соққы болды деп жазады басылым.

Ақпарат көздерінің дерегінше шілде айында үкімет арбитражды тоқтатуы мүмкін дегендей ишара танытқан.  Алайда, тараптар арасында мәселені келіссөзбен шешу мүмкіндігі бола тұра министрлік инвесторлар тарапынан жасалған тиімді ұсыныстан бас тартқан. Ол бойынша инвесторлар Қазақстанды сотқа шағымдану райынан қайтару үшін инвестициялық міндеттеме алуды уәде еткен.

Қашағанға 55 млрд доллар инвестиция салған Eni SpA, Shell Plc, Exxon Mobil Corp. және TotalEnergies SE компанияларын Үкімет рұқсат етілмеген шығындар жұмсады деп айыптап, олардың үстінен сотқа шағымданған болатын.

Орталық Азиядағы ірі мұнай өндіруші елдегі осындай дау өнімді бөлу туралы күрделі келісімдері бар ірі энергетикалық жобаларды әзірлеудің күрделі екенін көрсетеді. Shell бас атқарушы директоры Ваэль Саван өткен айда компанияның Қазақстандағы болашақ шығындары Үкімет қаншалықты деңгейде дұрыс инвестициялық климатты қамтамасыз ете адатынымен байланысты болатынын мәлім еткен.

Қазақстан тарапының пайымынша, Қашағандағы серіктестер 13 миллиард доллар шығынды шегеруге тиіс емес. Егер осы дауда мемлекет табысқа жетсе, онда ел үкіметі аладан түсетін кірістің қомақты үлесін ала алады.

Жобаны басқаратын бірлескен кәсіпорын болса, North Caspian Operating Co. тобындағы серіктестер «өнімді бөлу туралы келісімге, Қазақстан заңнамасына және қолданыстағы стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес әрекет етті» деп санайды. NCOC «бірқатар даулы мәселелерге» сілтеме жасады, бірақ «істің құпия сипатын»ескере отырып, егжей-тегжейлі айтудан бас тартты.

Компанияларға экологиялық ережелерді бұзғаны үшін 5,1 миллиард доллар айыппұл салынатыны туралы да процесс жүріп жатыр. Компаниялар тобы екі жағдайда да өз кінәсін жоққа шығарғанымен, осы дауларды шешу үшін үкіметпен келіссөз жүргізуге талпынған. Бұл туралы Bloomberg мамыр айында жазған еді.

Басылымның жазуынша, Қазақстанның Энергетика министрлігі Total және Shell секілді бұл мәселеге қатысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартқан. Топтағы өзге серіктестер Exxon және Eni компаниялары да басылымның электронды поштаға жолдаған сауалдарына жауап бермеген.

Bloomberg басылымының жазуынша осы даулы мәселені шешу үшін инвесторлар тарапынан Қазақстанның ішкі нарығына өнім жеткізетін газ өңдеу зауытын салу туралы ұсыныс түскен. Алайда, үкімет бұл ұсынысты қабылдамаған көрінеді.

Бейсенбі күні, осы мақала жарық көргеннен кейін, Энергетика министрлігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме болмайтынын растады.

«Арбитраж мәселесі құпия, жауап берілмейді», – деп хабарлады, министрліктің баспасөз қызметі.м

Естеріңізге саламыз,  Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орны.  Ондағы жүргізілген зерттеулерге сәйкес, мұнай қоры 9–13 миллиард баррель.

Мұнай кен орнын шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы Өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игерілуде.  Консорциумға Eni (16,81%), ҚазМұнайГаз (16,87%),  TotalEnergies  (16,81%,  Royal Dutch Shell (16,81 %), ExxonMobil (16,81%), CNPC (8,33%), INPEX (7,56%) компаниялары кіреді.

Бейсенбі күні

Сондай-ақ оқыңыз