Қырғыз-қазақ шекарасында көліктерді өткізу жағдайы жақсара бастады. Бұл туралы 24.kg сайты экономика және сауда Министрінің орынбасары Назарбек Малаев мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, қазір «Ақ тілек» пунктінде сағатына орта есеппен он көлік өткізіледі. Бір тәулік ішінде 280 автомобиль шекарадан өтті.
«Жағдай жақсарып келе жатқандықтан, Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерімен кездесу барысында біз Қырғызстан мен Қазақстан мәселені екіжақты форматта шешетінін атап өттік. Әзірге біз ЕЭК және Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты халықаралық алаңдарға жүгінбейміз», — деп атап өтті Назарбек Малаев.
Айта кетейік, Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептеліс: мәселеге Еуразиялық экономикалық комиссиясы араласады деп хабарладық.