Жаңалықтар

«Самұрық-қазына» 500-ден аса ғимаратты ҚТЖ қызметкерлерінің демалуы үшін сатып алады

Фото: kursiv.media

«Самұрық-Қазына» қоры «Қазақстанның технологиялық операциялық орталығы» ЖШС-нен «Қазақстан темір жолы» қызметкерлерінің демалуы үшін 534 жылжымалы блокты ғимарат сатып алады. Транзакция сомасы белгісіз, деп хабарлайды «Голос народа» басылымы.

«Самұрық-Қазына» қоры осыған байланысты арнайы қаулы шығарған. Онда ҚТЖ Ұлттық компаниясының қызметкерлерінің демалуы үшін әртүрлі көлемдегі 500-ден астам жылжымалы блокты ғимараттарды сатып алынатыны жазылған.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Қазақстан технологиялық операциялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жұмысшылардың демалуына арналған көлемі 15 м2, 25 м2, 30 м2, 60 м2, 75 м2, 106 м2 болатын 534 бірлік мобильді блокты ғимарттар сатып алуды қамтамасыз етсін», делінген құжатта.

Құжатта қаулының қол қойылған күнінен бастап күшіне енетіні жазылған. Қаулыда мәміле сомасы көрсетілмеген. «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл үйлердің өндіріс қызметкерлерінің тұрмысы үшін сатып алынбақ.

«Бұл модульді ғимараттар ҚТЖ желісінде өндірістік қызметкерлерді орналастыру үшін дайындалып жатыр. Қажетті құрал-жабдықтармен соның ішінде кондиционер, су жылытқыш, электр плитасы және т.б. тамақтануға және демалуға арналған жиһаздармен, ыдыс-аяқпен және төсек-орын жабдықтарымен жабдықталуы керек. «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілік кәсіпорындардың өндірістік персоналының әлеуметтік инфрақұрылымын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде», делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен бірге қомақты сатып алу мәселесіне қатысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі де түсініктеме берген.

«Компания желілік кәсіпорындардың өндірістік персоналының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлкен көңіл бөледі. Өндірістік ғимараттар жөнделуде, контейнерлер жылу пункттеріне ауыстырылуда, жиһаздар мен жабдықтар сатып алуда. ҚТЖ желісінде өндірістік қызметкерлерге арналған модульдік қондырғылар орнатылуда. Олар ауа райының қолайсыз жағдайында жұмыс уақытында қызметкерлердің тамақтануы мен демалуына қажетті жағдай жасайды», делінген ұлттық компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚТЖ үкімет қаулысына 2023 жылдың 17 тамызында қол қойылғанын қосты.

Айта кету керек, «КАЗТЭЦ» ЖШС-нен жүздеген блокты-модульдік ғимараттарды сатып алуға қанша қаражат жұмсалатынын «Самұрық-Қазына» да, ҚТЖ да жариялаған жоқ.