Трамп Байденді АҚШ тарихындағы ең нашар Президент деп атады
Жарияланды

Ақ үйдің бұрынғы басшысы Дональд Трамп Джо Байденді АҚШ-тың тарихындағы ең нашар Президент деп санайтынын айтты.
Бұл туралы Трамп Х әлеуметтік желісінде көрсетілген журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында мәлімдеді.
«Ол [Байден] біздің ел тарихындағы ең нашар президент. Ол жемқор адам, сондықтан мен Хиллариді [Клинтонды] абыройсыз деп атауды доғардым және бұл сөзді Джо үшін қолданамын», – деді Трамп.
Трамп Қытай Джо Байденге миллиондаған доллар төлеп жатқанын айтты.
«Менің ойымша, ол бізде болған ең жемқор президент. Ол сондай – ақ ең қабілетсіз екендігімен ерекшеленеді», – деді саясаткер.