«Жаңа Салық кодексі тұрақты және қарапайым болады» – ҚР ҰЭМ

Жарияланды
Фото: ҰЭМ баспасөз қызметі

Астанада «Салық салу және сот ісін жүргізу призмасы арқылы табысты бизнес стратегиясы» тақырыбында пікірталас форумы өтті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

Форумның панельдік сессиясы барысында ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев жаңа Салық кодексі жобасының негізгі тәсілдері туралы баяндады.

Оның айтуынша, құжатты әзірлеуге мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен экономистер белсенді қатысуда.

Жаңа Салық кодексінің жаңашылдығы неде:

Салықтық әкімшілендіру. Ол серіктестікке және цифрлық бастамалар арқылы бизнес шығындарын азайтуға бағытталуы керек

ҚҚС (қосылған құн салығы) қайтару жүйесі. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін ҚҚС қайтару бөлігіндегі барлық мәселелер шешілетін болады

Салық төлеуден жалтару тәуекелдерін азайту. Бұл тәсіл де цифрлық шешімдерді қажет етеді

Заңнаманы жеңілдету

Салық саясаты бойынша шаралар:

Салық төлеушілер үшін күрделілікке жол бермеуді ескере отырып, салық мөлшерлемелерін саралау

Арнайы салық режимдерін қайта қарау және оңтайландыру

Бизнесті ірілендіру үшін ынталандыру

«Барлық тәcілдер салық төлеушінің қызметін жеңілдетуге бағытталған. Жаңа Салық кодексі алдыңғыға қарағанда тұрақты болуы керек. Ол қолданыстағы салық төлеудің қарапайымдылығымен, болжамдылығымен, қолданудың ыңғайлылығымен ерекшеленетін болады» – деді Е.Сағынаев.


Қазіргі уақытта 700-ге жуық ұсыныстар түсті. Барлық сұрақтар апта сайынғы кестеге сәйкес тұрақты жұмыс тобының қарауына шығарылады. Жылдың басынан бастап 140-тан астам отырыс өткізілді. Оларға 150-ге жуық адам қатысты.

Сондай-ақ оқыңыз