Жаңалықтар

Президент Сыртқы істер министрлігінде ауыс-түйіс жасады

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь және Вьетнам елдеріндегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшідерін тағайындады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Президент жарлығына сәйкес, Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметі Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол бұл қызметке тағайындалғанға дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымын атқарған еді.

Президент Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Осылайша, Сыртқы істер министрінің екі орынбасары ауысты. Әлібек Әсетұлы Бақаев пен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.