Алматыда «барахолка» базарында тағы контейнерлер өртенді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Алматы қалалық ТЖД мәліметі бойынша 26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, «Алмалы» базарындағы жанып жатқан контейнерлердегі өртті сөндірді. Өртенген аумақ 80 шаршы метр болды.
«Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ», – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері өрт болған жерді жедел қоршауға алды.
Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Алматыда «барахолка» базары аумағында ірі өрт шықты деп хабарлаған болатынбыз.