
Мемлекет басшысы Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді.
Айта кетейік, Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептеліс: мәселеге Еуразиялық экономикалық комиссиясы араласады деп хабарладық.
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдай оңала бастады деп хабарлады Қырғызстанның Экономика министрлігі.