Жаңалықтар

Павлодар әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен босатылды

Павлодар облысының әкімі қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыс жүргізбегені үшін Павлодар әкімі Ержан Иманзаиповты қызметінен босатты. Бұл туралы Павлодар облысының әкімдігі хабарлады.

«Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту бойынша жұмыстардың тиісінше ұйымдастырылмауына, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, қала әкімдігінің Павлодар қаласының тұрғындарымен коммуникациясының әлсіреуіне байланысты Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы қабылданған шешімді мәлімдеді»-делінген хабарламада.

Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.