
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.
Айта кетейік, Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді деп хабарладық.