Антикор білім беру қызметкерлерін жұмыстан шығаруды ұсынды

Жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысында алдын алу шаралары мен парасаттылық құндылықтарын насихаттау бағыттары баяндалды.Бұл туралы Антикор хабарлады.

Департамент басшылығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Бұдан былай салынып жатқан әлеуметтік құрылыс нысандарына, жер қайтару мәселесіне, мемлекеттік сатып алу бағытына еріктілер тарапынан қоғамдық бақылау жүргізілетін болады. Ол үшін волонтерлер мемлекеттік басқару академиясы базасында аталған бағыттар бойынша оқу семинарларынан өтеді. Сонымен қатар, кәсіби көмек көрсету бағыты аясында Әділет департаментімен бірлесіп азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында адам көп шоғырланатын орындарда көшпелі консультативтік кездесулер өткізу көзделуде. Аталған іс-шараларға ерікті нотариус, адвокаттар, сот орындаулышар, заңгерлер қатысуда.

Одан бөлек,ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасындағы бірлескен меморандум аясында апта сайын өңірдегі бақылаушы органдардың тексерулері туралы ақпарат алмасу, тексерушілермен және тексерілетін субъектілердің басшыларымен, сондай-ақ ұжыммен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу көзделуде.

Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, мемлекеттен гранттар мен кредиттер бөлу кезінде кездесетін сыбайластық әрекеттер және үшінші тұлғалар тарапынан жасалатын делдадық, алаяқтық әрекеттердің көбеюіне байланысты Полиция департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті арасында бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, орта буын қызметкерлерінің алаяқтық құқықбұзушылықтары бойынша ведомствоаралық жедел ақпарат алмасу тобын құрып, бірлескен жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ комиссия отырысында департамент басшылығы білім саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелерімен таныстырып өтті.

Талдау нәтижесімен 130-дан астам бұзушылық анықталып, мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы 200,0 млн аса теңгені құрады. Қазіргі таңда барлық анықталған фактілерді уәкілетті органмен растау үшін аудиторлық тексеру жүргізілуде, оның қорытындысымен және прокуратура органының келісімінен кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.

Бес ауданда жүргізілген талдау нәтижесі осы салада бұзушылықтар бар екенін және тәуекелдер негізінен бірнеше бағыт (заңсыз үстемақы тағайындау; мұғалімдердің аты-жөнін көрсете отырып, өздерінің счеттарына заңсыз жалақы аудару; бірнеше жерде тіркеліп жұмыс жасау арқылы заңсыз еңбек ақы алу, өз счеттарына ақша аудару) бойынша жүзеге асырылғанын көрсетті.

Мұның барлығы осы салада басқарма мен бөлім басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан орын алып отыр.

Жалпы талдау жұмыстары республика көлемінде іске асырылып, тектес бұзушылықтар барлық өңірлерде анықталған болатын. Осыған орай, жол картасы бекітіліп, соның 14 тармағы бойынша орталық орган, жергілікті атақарушы органдармен бірлесіп іске асыру көзделген.

Комиссия отырысында департамент басшылығы құқықбұзушылыққа жол берген сала мамандарының жауапкершілігін қарауды (жұмыстан босатуға дейін) ұсынды. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген фактілерін болдырмау мақсатында аудит қызметін тарта отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін қалған аудандардың білім бөлімдерінде ішкі талдау жүргізуді ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз