«АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорнында тағы да өрт болды
Жарияланды
Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Саран» шахтасында 27 тамыз, жексенбі күні сағат 01:55-те өрт шықты. Сағат 04:03-де СӨСҚ бөлімшесінің күшімен өрт жойылды, деп хабарлайды «АрселорМиттал Теміртау»баспасөз қызметі.
ekaraganda.kz сайтының хабарлауынша, «Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты.Зардап шеккендер жоқ, себептері мен жағдайлары нақтылануда», – деп хабарлайды компания.
Төтенше жағдай кезінде шахтада 187 қанша адам болған. Барлық жұмысшылар 4:25-те жер бетіне шықты.
Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында тағы да апат: конвейер таспасынан өрт шығып, жүзден аса адам қауіпті аймақта қалды деп хабарладық.
Ол кезде Қарағандыдағы өрт болған шахтадан 200 ге тарта адам жер бетіне шығарылған болатын.