КХДР шетелдегі азаматтарына елге оралуға рұқсат берді

Жарияланды

Солтүстік Корея билігі GOVID-19 жағдайының өзгеруіне байланысты шетелде жүрген азаматтарына елге оралуға рұқсат беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Кореяның орталық телеграф агенттігі.

«Шетелде жүрген КХДР азаматтарына бүкіл әлемдегі пандемия жағдайының әлсіреуіне байланысты эпидемияға қарсы қорғаныс деңгейін түзету туралы шешімге сәйкес, үйлеріне қайтуға рұқсат етіледі»,-делінген Агенттік таратқан КХДР Төтенше жағдайлар мен эпидемияның алдын алу жөніндегі мемлекеттік штабтың мәлімдемесінде.

Ведомство қайтып келгендер «бір апта ішінде карантин бөлімшелерінде тиісті медициналық бақылауда болады»деп ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз