Үндістанда пойыз вагонындағы өрттен 10 адам көз жұмды
Жарияланды
Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатындағы пойыз вагонында өрт салдарынан 10 адам қаза тапты. Сонымен қатар, 20 адам жарақат алды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Hindustan Times басылымының хабарлауынша, туристер мінген пойыз Мадура ауданындағы теміржол станциясының тұрағында тұрған.
Өңір биілігі өрттің шығуына Уттар-Прадеш жолаушыларының қолдануына тыйым салынған газ баллонының жарылуы себеп болғанын айтты.
Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.