Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес резидентурада оқитындарға арналған гранттар саны артты.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді», деген болатын.
Соған сәйкес 2023 жылы гранттар саны 70%-ға артып, 1500-ден 2500-ге жеткен. Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:
- Акушерлік және гинекология – 214
- Анестезиология және реаниматология – 200
- Неонатология – 119
- Терапия – 115
- Жалпы хирургия – 98
- Неврология – 92
- Психиатрия – 88
- Кардиология – 78
- Оториноларингология – 83
- Офтальмология – 66
- Жұқпалы аурулар – 63
- Травматология-ортопедия – 62
- Эндокринология – 55
- Қалғандары – 1167