Екібастұзда күкірт қышқылы мен құм тиелген вагондар рельстен шығып кетті
Жарияланды

Екібастұз-1 станциясында жүк вагондары рельстен шығып кеткен, – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
«26 тамызда сағат 13: 40-та Екібастұз-1 станциясының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды жүргізу кезінде 3 вагон рельстен шықса, оның ішінде 2 вагон – құм тиелген, 1 вагон – күкірт қышқылымен болған, алайда төгілмеген», – делінген хабарламада.
Вагондар қалпына келтіру пойызының көмегімен көтерілетіні айтылған.
«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқыс жағдай басқа пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ», – делінген хабарламада.