Жаңалықтар

Электронды еңбек биржасында бейне-сұхбаттасу функциясы пайда болды

Фото: shutterstock.com

Енді Enbek.kz электронды еңбек биржасы порталында онлайн бейне-сұхбаттасудан өтуге болады. Порталда осындай жаңа функция іске қосылған.

Enbek.kz порталында бейне әңгімелесу өткізу үшін жұмыс іздеуші мен жұмыс берушіге қосымша қолданба орнатудың қажеті жоқ. Бұл функция тегін және жеке кабинетте тұр.

«Жұмыс беруші бейне сұхбат өтетін күн мен уақытты белгілеп, жұмыс іздеушіге шақыру жібереді. Өз кезегінде жұмыс іздеуші өз электрондық поштасына бейне қоңырауға қосылуға белсенді сілтеме көрсетілген шақыру алады. Егер ол сұхбаттасудың осындай форматына дайын болса, онда тек белгіленген уақытта бейне қоңырауға қосылса, жеткілікті», делінген хабарлама.

Бейне сұхбаттан өту үшін үміткер компьютерге камера мен микрофонды қосып, интернет байланысының тұрақтылығын тексеріп алғаны жөн.

Жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен HeadHunter еңбек нарығына жүргізген талдауын жариялаған. Талдау нәтижесі еңбек нарығында кадр жетіспейтінін байқатқан.

2023 жылғы мамырда Электрондық еңбек биржасында 94,9 мың бос жұмыс орны болса, оған 74,5 мың түйіндеме орналастырылған. Сәуірмен салыстырғанда бос орындар саны 10,5% – ға, ал түйіндеме 0,9%-ға өскен.

Соныен қатар жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын орналастыру кезінде көрсететін «икемді» дағдылар тізбесі де анықталған.

Дағдылар hard skills («күрделі» дағдылар) және soft skills («икемді» дағдылар) болып бөлінеді. Жыл сайын адамдар «икемді» дағдыларының маңыздылығын дамытуда, өйткені олар әртүрлі қызмет салаларында пайдалырақ болуға, жаңа компанияға немесе салаға ауысқанда, жұмыс орнында және басқа елге көшкен кезде тез бейімделуге мүмкіндік береді.