Фермерелерге жеңілдік: «Астық қоймалары» тарифтерді арзандатты

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Астық қоймалары» ЖШС фермерлерге арналған жаңа тарифтерді бекітті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Астық қоймалары» ЖШС майлы дақылдардың тұқымын қабылдау, кептіру, тазарту және жөнелту, оның ішінде экспортқа жөнелту қызметтерін көрсетеді. Бүгінгі таңда астық сақтау қуаты 491,7 мың тоннаны құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін Серіктестік биылғы жылға жеңілдіктер ұсынған.

«Өңдеуге тапсырылған астықты қайта ресімдеу кезінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ (форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша) астық қабылданған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде икемді тарифтер қолданады», делінген баспасөз хабарламасында.

Компания ұсынатын траифтер мынадай:

  • сақтау бойынша – айына/тоннасына 1 теңге (ҚҚС-мен);
  • автокөліктен астық қабылдау бойынша – тоннасына 1 теңге (ҚҚС-мен).
  • күнтізбелік айда жеткізіліп, өңдеуге тапсырылған астық көлеміне (1-нен 30/31-не дейін) икемді тарифтер қолданылады:
  • сақтау бойынша – айына/тоннасына 1 теңге (ҚҚС-мен);
  • Өңдеуге тапсырылған астықтың жеткізілген көлеміне күнтізбелік айда 2000 (екі мың) тоннадан астам астыққа (1-нен 30/31-не дейін) икемді тарифтер қолданылады:
  • сақтау бойынша – айына/тоннасына 1 теңге (ҚҚС-мен);
  • астықты автокөліктен қабылдау бойынша бекітілген тарифтен 50% жеңілдік беріледі.
  • күнтізбелік айда (1-нен 30/31-не дейін) 7000 (жеті мың) тоннадан астам өңдеуге тапсырылған астықтың жеткізілген көлеміне икемді тарифтер қолданылады:
  • сақтау бойынша – айына/тоннасына 1 теңге (ҚҚС-мен);
  • автокөліктен астық қабылдау бойынша – тоннасына1 теңге (ҚҚС-мен).
Сондай-ақ оқыңыз