Жаңалықтар

Қазақстан МАГАТЭ кеңесіне кіргісі келеді – Bloomberg

Фото: архив kursiv.media

Қазақстан ядролық салада шешім қабылдау үрдісіне араласуға ниетті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жұма күні мақала жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, тиісті мәлімдеме 18 тамыз күні дипоматтар арасында тараған. Онда Әлемдік уранның бестен екі бөлігін өндіретін Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің шешім қабылдау үрдісінен шеттетіліп отырғанына риза емес. Сондықтан, Қазақстан МАГАТЭ-ге Басқарушылар кеңесінен орын беру туралы «заңды өтініш» жолдауға дайындалып жатыр. Елдің МАГАТЭ-нің бас басқарушы кеңесінен шығарылуы «теңдік қағидатын бұзуға әкеледі» делінген Қазақстан мәлімдемесінде.

Қазақстанның талаптары агенттіктің 2023 жылдың 25 қыркүйегінде өтетін кезекті жалпы конференциясында баяндалады. Кеңеске мүше болу мәселесін МАГАТЭ-ге мүше барлық мемлекеттер қарауы керек. Басылымның дерегінше, МАГАТЭ түсініктеме беруден бас тартты.

Қарусыздану жөніндегі Вена орталығының директоры Гаухар Мұхатжанованың айтуынша, «бұл – саяси мәселе».

«Кейбір мемлекеттер Қазақстандағыдай директорлар кеңесіндегі орынға мықты үміткер бола алатын бәсекелестерді қабылдауға мүдделі емес», деді ол.

Қазақстанның ұсынысы атом энергиясын өндірушілердің бетпе-бет келген саяси турбуленттілікті күшейтеді. Өткен айда Нигериядағы мемлекеттік төңкеріс онсыз да Украинадағы Ресей соғысы салдарынан Батыс елдері бетпе-бет келген жеткізу тізбегіндегі қиындықтарды ұлғайтты.

Осы орайда, жаңа жеткізу тізбектерін іздеу үсстіндегі Қазақстанның талаптары ерекше коалиция арасында қолдау тапты. Ресейлік дипломаттар Қазақстанға бұрын көмектесуге тырысқандарын және тағы да қолдауға дайын екендерін мәлімдеді.

«Біз Қазақстанның Басқарма құрамына кіруге және істердің әділетсіз жағдайына назар аударуға деген табанды күш – жігерін құптаймыз», – делінген АҚШ-тың МАГАТЭ-дегі Елшісі Лаура Холгейт мәлімдемесінде.

«Қазіргі уақытта аймақтық топқа жатпайтын мүше мемлекеттер географиялық тұрғыдан қолайлы топқа қосылып, басқармада жұмыс істей алуы керек», деді ол.