Қазақстанның ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары 30 тамызда жұмыс істемейді
Жарияланды

Елімізде Конституция күнін мерекелеуге байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар 30 тамызда азаматтарды қабылдамайды.
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысын 31 тамыздан бастап, әдеттегі кесте бойынша жалғастыратын болады.
Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО әдетте, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.