Қытай компанияларының пайдасы азайып, АҚШ инвесторлары еңбек есебін күтіп отыр
АҚШ қор нарығында инвесторлар ФРЖ басшысының жұма күнгі сөзінің әсерінен шыға алмай жатыр. Джером Пауэлль мөлшерлеме одан әрі өсуі мүмкін деп мәлімдеген. Ал Қытайда жергілікті компаниялардың кірісі жетінші ай қатарынан азайып, жылжымайтын мүлік саласындағы ахуал нашарлап барады. Биыл жапон қор нарығы біршама өсім көрсеткенімен, жергілікті компаниялардың пайдасы аса жоғары емес. Өткен демалыс көндері әлемдік БАҚ осы тақырыптарды қозғады.
Инвесторлар АҚШ-тағы жаңа макроэкономикалық деректерді күтіп отыр
Өткен аптаның басты жаңалығы – ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдің базалық млшерлемені одан әрі арттыруға дайындық туралы мәлімдемесі болды, деп жазады Yahoo Finance. Жұма күні Вайоминг штатындағы Джексон Холде өткен экономикалық симпозиумда: «Экономика көрсеткіштері біз күткендей қалыптаспағанына баса назар аударамыз», – деді.
Инвесторлар осы аптада екі көрсеткішті мұқият қадағалмақ: АҚШ-тың еңбек есебі және АҚШ-тың жеке тұтыну шығысы индексі. Сарапшылар азық-түлік пен энергия шығындарын қоспағанда, «негізгі» PCE 4,2% құрайды деп болжайды. Еңбек нарығына келер болсақ, шілде айындағы болжамды мәндер қазір 3,7% құрайды. Жаңа жұмыс орындарының саны – 168 мың. Нарық сонымен қатар Best Buy, Lululemon және Salesforce есептерін күтеді.
Bloomberg басылымының жазуынша, қазіргі кезде инвесторлар алаңдаулы. Себебі, Nasdaq 100 индексі тамыз айында 5% жоғалтты (2022 жылдың желтоқсанынан бергі бірінші шығыны) және S&P 500 тіпті екі күн қатарынан өсім көрсетпеген. Тарихи тұрғыдан алғанда, тамыз АҚШ акциялары үшін әлсіз ай болса, ал қыркүйекте әдетте жылдың ең нашар көреткіштері қалыптасады.
Қытай өнеркәсіп компанияларының кірісі жеті ай қатарынан төмендеді
Әлсіз сұраныс пен экономиканың баяу қалпына келуі салдарынан қытайлық компаниялардың кірісі шілде айында қайтадан төмендеді, деп жазады Bloomberg. Қытай Халық Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, кіріс бір айда 6,7% қысқарған. Ал жыл басынан бері 15,5% азайған.
Шілде айында Қытай экономикасының қалпына келуі тұтынушылық шығын, өндіріс пен инвестицияның өсуі қиындағандықтан баяулады.
Қытайдағы ең ірі девелопері Country Garden өтімділіктің болмауына байланысты инвесторларға 3,9 миллиард юань (шамамен 535 миллион доллар) төлеуді үш жылға кешіктіруді ұсынды, деп хабарлайды South China Morning Post .
Негізі облигациялар 2023 жылдың 2 қыркүйегінде өтелуі тиіс еді. Бірақ компания өкілдері негізгі облигацияларды ұстаушыларға төлем төлеу мүмкіндік жоқ екенін ескертіп, 2023 жылдың қазан-желтоқсанына дейін кешіктіруді сұрады. Осы айларда компания облигациялар номиналды құнының 2% төлеуге уәде берді, компания қалған төлемдерді 2024-22026 жылдарға кейін ысыруды ұсынды.
Басылым мәліметінше, негізгі облигацияларды ұстаушылар қатарында Қытайдың ірі банктері бар: China Guangfa Bank, Bank of China және China Merchants Bank. Country Garden әлі ішкі облигациялар бойынша дефолтқа ұшыраған жоқ. Тамыз айында ол шетелде орналастырылған долларлық облигациялар бойынша екі купонды төлей алмады.
Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығы 2021 жылдан бері үлкен дағдарыста, елдің ең ірі компанияларының бірі Evergrande дефолтқа ұшырады. Девелопердің қарызы 2022 жылдың аяғында 2,437 триллион юань (шамамен 339,9 миллиард доллар) құрады.
Жапон қор нарығы көтеріледі
The Wall Street Journal жапон қор нарығындағы жағдайға талдау жасады. Басылымға сұхбат берген сарапшылардың басты тұжырымы – үкімет жүргізіп жатқан реформалар жапон эмитенттерінің тартымдылығын арттырғанымен, Жапония қазір АҚШ-тан әлдеқайда артта қалып тұр. Компаниялардың жартысына жуығы Токио қор биржасында баланстық құнынан төмен сауда жасайды, яғни олардың нарықтық құны таза активтерінен төмен
Nikkei 225 биыл 21%-ға өсіп, соңғы үш онжылдықтағы ең жоғары деңгейге жетті. Дегенмен, егер жапон компаниялары пайданың өсуін қамтамасыз ете алса, нарықтың өсу әлеуеті әлдеқайда жоғары болмақ. 2023 жылдың наурыз айында Токио қор биржасы өзінің листинг компанияларына кірісті ұлғайту үшін бизнес-жоспар әзірлеу туралы ұсыныс жібергені кездейсоқ емес.
Alibaba күрделі AI үлгілерін шығарады
Alibaba бұған дейінгі өнімдерімен салыстырғанда кескіндерді танитын және сөйлесе алатын кұрделі AI үлгілерін іске қосады, деп жазады CNBC. Qwen-VL моделі сурет және мәтіндермен жұмыс істей алады, Qwen-VL-Chat моделі суреттерді талдап, сұрақтарға жауап береді және суреттер негізінде әңгіме құрайды.