Шымкент прокуратурасы ер адамның өзін-өзі өртеп жібермек болған әрекеті туралы түсініктеме берді

Жарияланды
Прокуратура Шымкента
Фото: GOV.KZ

 28.08.2023ж. сағат 11:47-де Шымкент қаласы прокуратурасының фронт офисіне 15-ке жуық азамат Еңбекші ауданының полиция басқармасымен тергелген қылмыстық іс бойынша қабылданған шешіммен келіспейтінін айтып, келген шағымы бойынша қала прокурорының жеке қабылдауын талап еткен. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласы прокуратурасының кезекші прокуроры түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында келгендердің ішінен бір ер азамат «бензин» жанар-жағармайын үстіне құйып, өз-өзін өртеуге оқталған.

Прокуратура қызметкерлерінің тез арада әрекет етуінің  нәтижесінде өз-өзін өртеу фактісі болдырылмады.

Сонымен қатар қала прокуратурасына келген тұлғалардың арасындағы бір әйел азаматша өзін нашар сезініп, жедел жәрдем бригадасымен медициналық көмек көрсетілді.

Аталған дерек Әл-Фараби АПБ-ның АЕК-на тіркеліп, қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде.

Текеру нәтижесімен аталған азаматтардың әрекеттеріне заңды баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыз