Жаңалықтар

Көкшетауда 40-тан астам сарбаздың ауруханаға түсуіне байланысты тексеріс басталды

Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімше сарбаздарының жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде аталмыш әскери бөлімшеде қалған әскери қызметшілердің арасында емдеу-алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлердің әл-ауқатына қатысты жаңа шағымдар түскен жоқ»,-делінген Ведомствоның хабарламасында.

«Осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде», – деп атап өтті ведомстводан.

Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшенің 40-тан астам әскери қызметшісі ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) белгілерімен жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды.