Polymetal бағалы қағаздары Лондон қор биржасында саудалануды тоқтатты

Жарияланды
shutterstock

Polymetal Лондон қор биржасы (LSE) листиң тізімінен шығу процедурасын аяқтады, деп хабарлады компания.

Компанияның LSE биржасындағы акциялар сауда-саттығы тамыз айының басында тоқтатылды.

Polymetal акциялары Қазақстандағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) биржасында (AIX биржасы) баға белгілеуді жалғастыруда, ол сауда-саттықтың бастапқы алаңына айналды.

Бұған дейін Polymetal басшысы Виталий Несис компания тамыз айының соңына дейін Мәскеу биржасында сауданы қайта бастауға үміттенетінін айтқан болатын.

Тамыз айында Polymetal Джерсиден АХҚО-да редомициляциясын аяқтады. Редомициляция нәтижесінде компанияның акциялары CREST шеңберіндегі электрондық есептеулермен үйлесе алмайтындықтан, оның бағалы қағаздары бұдан былай LSE листингінің талаптарына сәйкес келмейді.

Polymetal – Ресейдегі ең ірі күміс және алтын өндіруші жетекші компания. Холдиң кәсіпорындары Магадан және Свердлов облыстарында, Хабаровск өлкесінде, Якутияда, Чукоткада және Қазақстанда орналасқан. Ірі акционер-Александр Несистің «Шығыс» тобы және серіктестер (шамамен 24%).

Сондай-ақ оқыңыз