Жаңалықтар

Қазақстан мен Кирибати ядролық сынақ құрбандарына көмектесетін халықаралық қор құру бастамасын көтерді

БАҚ беттерінде Қазақстан ядролық сынақ құрбандарына көмек көрсетудің халықаралық қорын іске қосатыны туралы ақпарат тарады. Елдің сыртқы істер министрлігін қорды құруға қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Kursiv.kz.

Ресми ақпарат бойынша, 2022 жылдың 21-23 маусымында Венада Австрияның төрағалығымен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ДЗЯО) қатысушы мемлекеттердің бірінші конференциясы өткен. Қазақстан бірінші кездесу төрағасының орынбасары қызметін атқарушы ( заместитель председателя Первой встречи ) және шарттың 6 және 7-баптарын (ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтіру туралы міндет) жүзеге асыру жөніндегі бейресми жұмыс тобының үйлестірушісі ретінде сөз сөйледі. Сондай-ақ бірінші конференция қорытындысы бойынша Қазақстан үшінші конференция төрағасы рөліне ұсынылды. Бұл жобамен 2025 жылы болады.

«Қазақстан мен Кирибатидің бастамасымен бірінші конференция үшін радиациялық ластануға ұшыраған халықты және қоршаған ортаны оңалту жөніндегі оң міндет жөніндегі конференцияның ресми жұмыс құжаты дайындалып, енгізілді. Бастаманың мақсаты – құрбандарға көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтіру жобаларын қаржыландыру үшін халықаралық сенімгерілік қорын құру. Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттермен бірлесіп Қордың жұмысына қатысты консультация жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Қазақстанның СІМ.

Ал ресми құжат – бір мемлекет немесе бірнеше мемлекет бастамасының ресми нұсқасы.

«Құжат баяндау және ұсыныс сипатына ие. Құжаттың мазмұны кейінірек конференцияның ресми құжаттарына енгізілуі мүмкін. Құжаттағы ұсыныс немесе қорытынды енгізілуі үшін шартқа қатысушы мемлекеттер конференцияда қолдауы қажет. Қазір Қазақстан мен Кирибатидің бастамасы белсенді іске асырылу сатысында тұр, тұрақты негізде Нью-Йорктегі шартқа қатысушы мемлекеттердің делегацияларымен консультациялар өткізіледі», – деп хабарлады министрлік.

Бірінші конференцияда құжат дайындалды. Ал 2023 жылыдң 27 қарашасы – 1 желтоқсаны арасында өтетін екінші конференцияда ұқсас құжат енгізіледі деп болжанып отыр. Ол құжат қорды құруға қатысты неғұрлым мазмұнды және практикалық мәнге ие болады.

«Қордың қашан құрылатыны туралы нақты ақпарат жоқ. Оны Қазақстан үшінші конференцияға төрағалық еткенге дейінгі екі жылда іске қосамыз деп үміттенеміз. Алайда мұның күрделі келіссөз процесіне тұратынын есе ұстаған жөн. Себебі әр елдің өз көзқарасы болуы мүмкін. Бастама қашан жүзеге асатынын нақты айту қиын, бірақ оны тез арада жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз», – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі.