«Шұбаркөл премиум» Тимур Құлыбаевқа миллиардтаған дивиденд төлейді
«Шұбаркөл премиум» АҚ қоғам акционерлерінің жылдық жиналысының қорытындылары туралы Қазақстан қор биржасына хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, осы жиында көтерілген күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – «Шұбаркөл премиум» АҚ таза кірісінің бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылданған.
«Қоғамның 2022 жылға арналған жай акциялары бойынша 5 млрд теңге сомасында, 1 акцияға 1169,31 теңге көлемінде, мынадай тәртіппен: 1) 2 864 920 жай акциялары бар «Бірлескен ресурстар» АҚ «(Joint resoursec) 3 млрд 350 млн теңге сомасында, 2) 705 540 жай акцияға ие 825 млн теңге сомасында «FCI Management LLP» ЖШС, 3) 825 млн теңге сомасында 705 540 жай акцияға иелік ететін «Trans Coal Investment Group», делінген хабарламада.
Дивидендтерді төлеу биылғы жылдың қараша айына дейін жалғасады.
Қазақстан қор биржасындағы деректерге сәйкес, «Шұбаркөл Премиум» АҚ компаниясы акцияларының 67% -ы JOINT RESOURCES JSC-ке тиесілі. Бұл компанияның жалғыз акционері Тимур Кулибаев.
Осылайша, «Шұбаркөл премиум» JOINT RESOURCES арқылы Тимур Кулибаевқа 3 млрд 350 млн теңге дивиденд төлейтін болады.
TRANS COAL INVESTMENT GROUP LLP – 16,5% акциясына иелік етеді. Азаматтарға арналған үкімет порталының дерегінше бұл компанияның бірінші басшысы да, құрылтайшысы да Шынар Елемесова.
FCI MANAGEMENT LLP -те «Шұбаркөл премуим» компаниясының 16,5%-н иеленеді. Оның бірінші басшысы, әрі құрылтайшысы – Раушан Сагдиева.