The Wall Street Journal: Binance криптобиржасы Ресейден кетуі мүмкін

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Әлемдегі ең ірі криптобиржа Binance Ресейден толығымен кетуі мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады. Басылым дерегінше мұндай ақпаратпен атын атамауды өтінген биржа өкілі бөліскен.

«Binance Ресейдегі бизнесін жүргізуге қатысты жоспарын қайта қарауда. Барлық нұсқалар, соның ішінде аталған нарықтан толық шығу қарастырылуда», – деді биржа өкілі The Wall Street Journal (WSJ) басылымына.

26 тамызда Binance ресейліктерге рубльді қоспағанда, P2P (peer-to-peer немесе «адамнан адамға») арқылы барлықа валютамен сауда жасауға шектеу қойды. Бұл Ресейде «Өз тұтынушыңды біл» (Know Your Customer, KYC) верификациясынан өткен клиенттерге қатысты.

Мұндай шешім The Wall Street Journal басылымының «Binance әлі күнге дейін «Сбербанк» пен «Тинкоффтың» санкцияланған карталарын қолдады» деген мазмұндағы материалы шыққаннан кейін қабылдануы мүмкін.

Мақалада криптоалпауыт аталған қос банк атауын «жасыл жергілікті карта» және «сары жергілікті карта» деп жасыратыны жазылған.

Аталған материал жарияланғанға дейін екі апта бұрын ресейлік журналист Юрий Дудь (шетелдік агент ретінде танылған) YouTube арнасында Ресейдегі Binance қызметтері туралы жарнама пайда болды.

Сәуір айында Binance ресейліктер үшін санкциялар аясында 2022 жылдың көктемінде белгіленген 10 000 еуро шектеуін алып тастады. Сол айда криптобиржа ресейлік карталардан депозиттерге рұқсат берді.

Сондай-ақ оқыңыз