Бұған желілік жүйеден шыққан ақау себеп. Осыған байланысты компания қосалқы бөлшектерді алдыруға тапсырыс бере алмай қалған. Бұл туралы Жапонияның ақпарат құралдары хабарлады.
Автоөндірістің қашан іске қосылатыны әзірге белгісіз. Кибершабуыл жасау әрекеті де болуы мүмкін дейді компания өкілдері. Естеріңізге сала кетейік, Тойота былтыр ақпанда жасалған кибершабуылға байланысты барлық зауыттың жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.