Украина қауіпсіздік кепілдігі туралы келіссөздер 2024 жылға дейін созылады – The Wall Street Journal

Жарияланды
Фото: shutterstock


«Үлкен жетілік» елдерінің Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беруі туралы келісімдер 2024 жылдан ерте аяқталмайды, деп хабарлайды The Wall Street Journal (WSJ) жеке дереккөздеріне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Киевпен келіссөздер әу баста АҚШ пен Ұлыбританиядан басталса, Франция жуырда келісімге қосылуды жоспарлап отыр.

The Wall Street Journal дерегінше, Украинаға кепілдік беру бойынша келіссөздер ұзаққа созылады, ал кейбір екіжақты келісімдер келесі жылы ғана жасалады.

Сонымен қатар, тараптардың міндеттемелері, өзара шарттар бойынша консенсус әлі жасалмады. Сондай-ақ АҚШ пен Еуропа елдері алдағы уақытта Киевпен болашақтағы әскери қажеттіліктері туралы талқылауы керек. Ал Батыс елдері келіссөздерді үйлестіріп, қорғаныс өнеркәсібіндегі қорларын қысқартпай, уәде етілген көмекті қамтамасыз етуі керек.

Еске сала кетсек, тамыз айының басында Украина билігі қауіпсіздік кепілдігін алу үшін АҚШ-пен келіссөздерді бастады.

Кейін Ұлыбритания да келіссөздерді қолға алды. Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак оның үкіметі алғашқы келісімдерді 2023 жылдың соңына дейін жасауға үміттенетінін айтты. Аты-жөнін атамаған француз шенеунігі WSJ-ке Париж алдағы бірнеше аптада Киевпен келіссөздерді бастайды, деп хабарлады.

АҚШ шенеуніктері алдағы апталарда Украинамен осы тақырыпта екінші кездесу өткізбек.

Сондай-ақ оқыңыз