Жаңалықтар

Электрсамокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енді

30 тамыздан бастап электрсамокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжіліс баспасөз қызметі хабарлады.

Электросамакат жүргізушілері белгілі бір талаптарды орындауға тиіс. Олар қандай талаптар?

«Көп ұзамай электрсамокаттар көлік құралы ретінде танылатындықтан, оны жүргізудің жалпы ережелерін дайындадық. Мәжіліс өткен жалпы отырыста тиісті заңды қабылдап, Сенатқа жолдады.

Электрсамокат жүргізушілерінің қандай жағдайда жүргізуші куәлігі жанында болуы керек? Веложолдарда, тротуарларда және жол жиектерінде қандай ережелерді сақтау қажет? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын инфографикадан біле аласыз»-делінген еді ҚР Парламенті Мәжіліс баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, Электрсамокатпен жүру ережесін бұзғандарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады – Алматы полициясы деп хабарлаған болатынбыз.

Заң бойынша тиым салынады: мопед, электросамокат, велосипед жүргізушілеріне:

  • рульді бір қолмен болсын ұстамай жүргізуге:
  • бір бағытта қозғалыс үшін бір жолақтан көп жолдардағы трамвай қозғалысы бар жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;
  • мопедтермен және велосипедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйреуден басқа мопедтерді, электросамокаттарды және велосипедтерді сүйреуге:
  • көлік құралында бола тұра жаяу жүргіншілер өткелдерінен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге:
  • басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуді қамтамасыз ететін, жол жүру ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін шағылысатын затсыз жолдың жүру бөлігінде түнде жүруге;
  • жолдың жүріс бөлігінде жүргенде, бекітілген дулығасыз жүруге тиым бар.