2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» Басқарма мүшелеріне берілген сыйақы мөлшері Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланды.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ақпаратты жария ету қағидаларына және Astana International Exchange сауда алаңының нарықтағы кәсіпкерлік ережелерін жария ету талаптарына сәйкес ҚМГ ҰК Басқарма мүшелерінің сыйақысы 2022 жылы 344 627 124,98 теңгені құрағанын хабарлайды», – деп жазылған Қазақстан қор биржасы сайтында жарияланған құжатта.
Құжатта көрсетілгендей, эмитенттің ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы №189 қаулысымен бекітілген ақпаратты ашу қағидасының 4-тармағына сәйкес, акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелерінің жыл қорытындысы бойынша сыйақысының жиынтық мөлшері, есепті кезеңде атқарушы органның құрамында болған мүшелердің пайдасына есепті кезеңде қоғам тарапынан жүргізілген барлық төлемдердің жиынтық мөлшері туралы мәліметтерді, оның ішінде жалақының жиынтық мөлшері және оның ақшалай ынталандырудың барлық түрлерін қамтиды.
Басқарма компанияның ағымдағы қызметіне басшылық ететін ҚМГ-нің алқалы атқарушы органы.
«Басқарма қызметі Акционерлердің жалпы жиналысының мүддесін барынша сақтау және Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің алдында есеп беру қағидатының негізінде құрылады», – деп жазылған ҚМГ сайтында.
Бүгінде ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев. Оның сеніз орынбасары бар. 2022 жылдың сәуірінен бастап осы қызметке тағайындалған. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының өкілеттіктер мерзімі – 2021 жылдан бастап 3 жыл.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – Қазақстан Республикасының ұлттық мұнай-газ компаниясы. Барлау, көмірсутектерді өндіру, тасымалдау және өңдеумен айналысады.