Болгарияда Евгений Пригожиннің бұрынғы бизнес серіктесі Василий Божков қамауға алынды. Болгария соты кәсіпкерді ұйымдасқан қылмыстық топты басқару, кісі өлтіру және бопсалау сияқты 20-ға жуық қылмыс бойынша айыптаған.
Бизнесмен 23 тамызда қайтыс болған «Вагнер» жасағының негізін қалаушы Евгений Пригожинмен ортақ бизнеспен айналықан және екеуінің арасындағы байланыс соңғысы қайтыс болғанша үзілмеген.
Соңғы үш жыл бойы Дубайда тұрған кәсіпкер, Болгарияға 25 тамызда оралған. Сол үш жылдан бері ол Пригожинмен жақсы араласқан. Сотта оның «Вагнер» басшысымен белсенді араласқаны, екеуінің электронды пошта арқылы хат алмасқаны айтылып, соның негізінде қамауға алынған. Телеграфтың прокуратура материалдарына сілтеме жасап хабарлауынша, олардың ортақ кәсіптері болған. Сондай-ақ Божковтың Қырымдағы ойын бизнесінде 51% үлесі бар болып шықты.
2021 жылы Божков Болгария шенеуніктеріне пара беріп, Ресей арналарының ықпалын арттыруға тырысқаны үшін АҚШ санкцияларына ұшыраған.