ЛУКОЙЛ жарғылық капиталының 25%-ын резидент еместерден жеңілдікпен сатып алуды көздейді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Акциялары шетелдік инвестициялық қорлар арасында танымал болған ресейлік ЛУКОЙЛ компаниясы өзінің жарғылық капиталының 25 пайызын резидент емес ұстаушылардан сатып алуды жоспарлап отыр.

Бүгінде бұл акциялар «С» шоттарында бұғаттаулы тұр. «ЛУКОЙЛ» бұл акцияларды жеңілдікпен сатып алуды көздейді. Салалық ақпарат көздерінің айтуынша, жеңілдік кемінде 50%-ды құрайды. Акцияларды төлеу үшін компания топтың шетелдік шоттарында бар қаражатты пайдалануды және бұл қаражатты Ресейдің ішкі валюталық нарығына кігізбеуді көздеп отыр.

ЛУКОЙЛ-дың бұл мәмілеге жұмсайтын қаражаты шамамен 1,15 триллион рубльді құрамақ.

Жағдайдан хабардар дереккөз «ЛУКОЙЛ» резидент еместердің акцияларын кері сатып алуға рұқсат сұрағанын айтты. Өйткені мұндай мәміле Ресей президентінің №520 жарлығына сәйкес, мемлекет басшысының жеке шешімімен ғана жүзеге асады.

«ЛУКОЙЛ» өз петициясында акцияларды сатып алуға шетелде жобаларды жүзеге асырудан түскен топтың шетелдік шоттарында жинақталған қаражатты ғана пайдалануға уәде етті. Сондай-ақ компания бұл ақшаның жеткілікті екенін және ұсынысты қаржыландыру үшін ішкі валюта нарығына шықпайтынын мәлімдеді», деп хабарлайды жағдаймен таныс дереккөз.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ұсынылған шарттар негізінде жұмсалған жалпы соманың 10 пайызын Ресей Федерациясының бюджетіне аудару көзделген.

Сондай-ақ оқыңыз