Отандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайды

Жарияланды

Каспий теңізінде жүк тасымалын дамыту мәселесіне тоқталатын болсақ, қазақстандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайғайды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша 2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданатын жүк айналымының өсімі 12%-ды құрады. Айта кетерлігі, Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өсім 80 пайызға жетіп отыр. Оның ішінде, мұнайды ауыстырып тиеу бойынша ең жоғары өсім – 53%, сондай-ақ пароммен тасымалдау – 12%.

Биыл қыркүйек айында Abu Dhabi Ports Group қатысуымен қазақстандық Semurg Invest компаниясы салған Құрық портындағы жаңа терминалдан астықтың бірінші партиясын жөнелту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз