Путин мен Ердоғанның кездесуі 4 қыркүйекте Сочиде өтеді

Жарияланды

Ресей президенті Владимир Путиннің түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуі 4 қыркүйекте Сочиде өтеді. Бұл туралы ТАСС Анкарадағы дипломатиялық кеңседегі дереккөзге сілтеме жасай отырып жазады.

«Кездесу 4 қыркүйекке жоспарланды», — дейді агенттік.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жақын арада Ресей мен Түркия басшыларының кездесуінің нақты күні туралы хабарлауға уәде берген болатын. Президенттер астық мәмілесін ұзартуды талқылай алады.

Сондай-ақ, Путиннің Ердоғанмен кездесуінің ықтимал күні 8 қыркүйек деп аталды.

Айта кетейік, Ердоған мен Путин телефон арқылы Ресей президентінің Түркияға сапары туралы келісті деп хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз