ҚДКБҚ теңгедегі депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін бекітті
Фото: kursiv.media
ҚДКБҚ теңгедегі депозиттердің қыркүйек пен қазан айына арналған шекті сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Мерзімді депозиттердің мөлшерлемесі – 16 пайыз.
Ал мерзімсіз депозиттердің сыйақысы мерзімен қарай әртүрлі.
Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне қарай ҚДКБҚ шекті мөлшерлемесі мына кестеде көрсетілген:
Мерзімсіз депозиттер | 16,0 | 16,0 | 16,0 | 16,0 |
Мерзімді депозиттер | ||||
3 ай | 17,3 | 17,3 | 16,8 | 16,8 |
6 ай | 17,3 | 17,3 | 16,8 | 16,8 |
12 ай | 14,8 | 14,8 | 14,5 | 14,5 |
24 ай | 10,7 | 10,7 | 10,5 | 10,5 |
Жинақ депозиттер | ||||
3 ай | 18,3 | 18,3 | 17,8 | 17,8 |
6 ай | 18,3 | 18,3 | 17,8 | 17,8 |
12 ай | 16,9 | 16,9 | 15,7 | 15,7 |
24 ай | 14,3 | 14,3 | 13,5 | 13,5 |
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдеріне қатысты сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі қандай болатындығы туралы шешімді өз бетімен қабылдайтынын хабарлады.
«Банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға берілетін ішкі бағаларды ескере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол ҚДКБҚ бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін»,- делінген хабарламада.
Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктердегі халықтың депозитінде 1,7 трлн теңге жатыр. 2023 жылдың І тоқсанында жеке депозиттерде 231,8 млрд теңге көлемінде оң өсім бйқалған.
Қазақстанда банк депозиттерінің орташа сыйақы мөлшерлемесі 13,9%-ды құрайды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 10,6% болса, 2021 жылдың аяғында ол небәрі 8% болға