TikTok желісінде құмар ойындары трансляциясын ұйымдастырғандар 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

ҚМА TikTok желісінде құмар ойындарын ұйымдастырған 177 стримерді анықтап, 10 ұйымдастырушыға қатысты бес қылмыстық істі тіркеп, соныңң үшеуіне үкім шығарылған. Құмар ойындарын ұйымдастырған 4 адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлайды.

Ал 2019 жылдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша өндірісте 1 148 іс қаралып, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталған.

Қаржы мониторингі агенттігі Ақпарат комитет және желі иесімен бірлесіп, заңсыз мазмұн трансляциясын жылдам блоктауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект орнатты. Құмар ойындарын тарататын аккаунттар біраз уақыттан кейін автоматты түрде бұғатталады.

Сонымен қатар, ҚМА жаңалық порталы, блогтар, веб-сайттар мен әлеуметтік медиа тіркелгілерінде заңсыз мазмұнды іздеу үшін АІ құралдарын пайдаланады. 2022 жылы 5,5 мың веб-сайт пен онлайн казино аккаунты, биыл 2 мыңнан астам сайт бұғатталған.

Агенттік Ақпарат комитеті және ҰҚК МТҚ-мен бірлесіп онлайн-казиноның «көшірме» сайттарды жедел бұғаттау туралы шешім қабылдады, «Кибербақылау» жүйесіндегі сайттарды бұғаттау алгоритмі 14 тәуліктен 1 күнге дейін жеңілдетілді.

«Кибербақылау жүйесі» 2019 жылы іске қосылды. Ол бірнеше мемлекеттік органға онлайн казиноларды бірден анықтау және оларға кіруге тыйым салуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін ҚМА заңсыз жүмыс жасаған «1WIN» халықаралық онлайн-казиносының қызметін тоқтатқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз