Жаңалықтар

Тоқаев пен Назарбаев Беларусь басшысын туған күнімен құттықтады

Фото: kursiv.media

Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Беларусь басшысының сайтында хабарланды.

Лукашенконың ресми сайтында Беларусь басшысының Тоқаев және Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескені жайлы ақпарат жарияланды.

Лукашенко Қазақстан президентімен «Беларусь-Қазақстан ынтымақтастығын дамытудың перспективалық бағыттарын» талқылап, «халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасқан».

Ал Назарбаевпен нақты не туралы сөйлескені хабарланбаған.

Сондай-ақ, шет ел басшыларының «Беларусь президентін туған күнімен шын жүректен құттықтағаны» атап өтіледі.

Александр Лукашенко 30 тамызда 69 жасқа келді. Ресми сайтында оның Витебь облысында дүниеге келгені жазылған. Могилев мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген, сондай-ақ Беларусь ауыл шаруашылығы академиясында «экономист» мамандығы бойынша білім алған. Шекара әскерінде қызмет етті. 1994 жылы Беларусь президенті болып сайланды.