Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Атом электр станциясын салуға қатысты бұрмаланған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Парламент кулуарында журналистерге айтып берді.
Айтуынша, Үлкен ауылы тұрғындарының қоғамдық тыңдау барысында тұрғындардың АЭС салуды қолдағаны туралы ақпарат бұрмалануда.
«БАҚ-та Алматы облысының Үлкен ауылында АЭС салуға қатысты тыңдау өтіп, нәтижесінде тұрғындар атом электр станциясын салуды қолдап, соңғы шешімін айтты деген бұрмаланған ақпарат тарап жатқанын байқап отырмыз. Мұны түсіндіру қажет. Біз Қазақстан азаматтары ретінде Үлкен ауылының тұрғындарының пікірін құрметтейміз. (…) Ол жерде атом электр станциясын салу туралы сөз болып жатқан жоқ. АЭС-құрылысын бастау үшін халықаралық талаптарға және Қазақстан заңына байланысты кешенді процедура жүргізу керек. Ол жұмыстар енді басталып жатыр», – деді министр Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.
Айта кетейік, жұма 1 қыркүйек Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.