Алматы облысында құны 525 373%-ға жоғары бағаланған мемлекеттік сатып алу лоты тоқтатылды

Жарияланды
лот
Фото: shutterstock; freepik

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменді Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг жүргізу шеңберінде Алматы облысының ішкі саясат басқармасының сатып алу жоспары зерделеген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызығушылығын 1 бірлікке 18,4 млн теңгеге азық-түлік емес сыйлық жиынтығын сатып алу бойынша лот тудырды. «Бірыңғай сатып алу терезесі» ақпараттық жүйесі сәйкес ұқсас жиынтықтардың орташа нарықтық құны небәрі 3 500 теңгені құрайды, яғни баға 525 373% – ға жоғары көрсетілген», делінген хабарламада.

Антикор араласқаннан кейін, сатып алу жоспары нарықтық бағаға сәйкес келтірілді.

Осылайша, 18,4 млн теңгені ұтымсыз пайдалануға жол берілмеді.

Агенттік мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  тарапынан өңірдің мемлекеттік органдарының сатып алу порталының мониторингі шеңберінде 800 млн.теңгені мақсатсыз пайдалануға тосқауыл қойылған.

Сондай-ақ оқыңыз