Биылғы жылдың басынан шекарада тыйым салу және шектеу талаптарын бұзудың 410 фактісі анықталды

Жарияланды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттерінің автомобиль өткізу пункттерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарлардың өтуін бақылауды жүзеге асырады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылдың басынан бастап үшінші елдермен шекарадағы (ЕАЭО-ға кірмейтін елдер) өткізу пункттерінің қызметкерлері тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру бойынша кедендік операцияларды жасау кезінде тыйым салу және шектеу талаптарын бұзудың 410 фактісін анықтады, оның ішінде:

153 жағдайда жалпы салмағы 50,4 тонна болатын мұнай өнімдері анықталып, заң бұзушыларға 7,9 млн. теңге айыппұл салынып, тауарлар мемлекет пайдасына өндірілді;

28 жағдайда жалпы салмағы 33,7 тонна болатын балалар ойыншықтары анықталды, тауарларды мемлекет пайдасына өндірусіз
1,3 млн. теңгеге айыппұл салынды;

– 96 жағдайда әртүрлі тауар топтары бойынша рұқсат құжаттарын ұсыну тәртібін бұзуға қатысты (жуғыш заттар, мотор майлары, пайдалануда болған шиналар және басқа да тауарлар) 6,6 млн.теңге сомасына айыппұл салынды.

133 жағдайда 2,5 млн АҚШ долларына баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын әкетудің және 41,2 млн. теңге сомаға салмағы 1,5 кг алтын құймаларды әкету бойынша мемлекет пайдасына өндірусіз 6,9 млн. теңгеге айыппұл салынды.

Бұл фактілер салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы тауарды тасымалдау туралы енгізілген тыйымдарды бұзуға тырысқанын куәландырады, бұған ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жол бермеген.

Сондай-ақ оқыңыз