Тоқаев экономиканы қаржыландыру саласындағы бәсекені арттыру үшін шетелден 3 сенімді банк тартуды ұсынды

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент экономиканы қаржыландыру саласында бәсекенің жоқ екеніне назар аударды. Айтуынша экономикалық қаржыландырумен бірнеше банк қана айналысады. Ал, қаржы ұйымдарының қолында «қозғалыссыз жатқан» триллиондар бар.

«Банктердің «қозғалыссыз жатқан» 2,3 триллион теңгелік активтерін экономикалық айналымға қосу үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте осы активтерді иеленуге ниет танытқан бизнес өкілдерінің оны алып, экономикаға қайтаруына мүмкіндік беретін ашық цифрлы платформа құруды тапсырамын», деді Президент.

Сондай-қа, Мемлекет басшысының пікірінше, «ұзақ мерзімге арналған қаражатқа» нақты сектор барынша қол жеткізуі үшін бірлескен және синдикатталған несие беру тәсілін кеңінен қолдануды қсынды. Ал, өнеркәсіп өкілдері экономиканы әртараптандыру мақсатында сапалы жобалар ұсынуы керек. Ал, коммерциялық банктердің мұндай жобаларға қызығушылығын арттыру үшін оларға даму институттарының кепілдігін беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды

«Банк саласындағы тағы бір өзекті мәселе – барлығы бірнеше банктің қолында шоғырланған. Қазір Қазақстанда 21 банк бар. Бірақ корпоративті секторға несие берумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен бірнеше ірі банк қана айналысады. Сондықтан осы саладағы бәсекені арттыру үшін елімізге шетелден сенімді үш банкті тартқан жөн» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы, нақты секторға берілетін несие көлемінің жыл сайын 20 пайыз және одан да жоғары деңгейде өсуін қамтамасыз ету – маңызды міндет екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз