Фото: Ақорда
Президент Әкімшілігі құрылымы өзгеріп, ПӘ басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылғанына байланысты, Тимур Сүлейменов, Аида Балева, Ержан Қазыхан, Ернар Баспаев, Руслан Желдібай мен Ержан Жиенбаев қызметінен босатылды.
Сонымен қатар, ҚР Президентінің көмекшісі болған Әсет Исекешев пен Қанатбек Жайсаңбаев та лауазымдарынан босатылды.
Мемлекет басшысының жарлығңымен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалса, Ержан Қазыхан халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды. Сонымен қатар Ержан Жиенбаев құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.